Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева желіде өзін сынап, үнемі жамандайтын көпшілікке үндеу жасады.
Нансоғар, есерсоқтар: Меруерт Түсіпбаева өзінің сөзін таратқандарға шүйлікті
Меруерт Түсіпбаеваның Instagram парақшасынан
467
оқылды

Өнер иесі бұған дейін сөзінің арасында семіз жандарды жақтырмайтынын айтып қалған болатын, – деп жазады Aikyn.kz.

– «Достар, қалайсыздар? Менің семіздік туралы айтқан пікірімді қуана қарсы алып, хэйт жасап, пабликтерге салып, оттап, арнайы пост жасап отырған, нансоғар, есерсоқ еркексымақтарға айтарым бар. Семіздік деген қасірет және мен семіздікке денсаулығының кесірінен душар болғандардан кешірім сұрағанмын.

Екіншіден, менің айтатыным, өсек термей, спортпен айналысып, отбасыңның жағдайын жасап, диваннан артыңды көтеріп, тіпті болмаса, мемлекеттің, халықтың жағдайын айтып, алдымызда тұрған үлкен мәселе – АЭС-ті зерттеп, пікіріңді сол туралы айт», – деді әнші.