ҚР СІМ-де, еліміздің Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы шетелдік мекемелерінде жедел желілер жұмыс істейді. 
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады
Фото: Carl Court/Getty Images
290
оқылды

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы отандастарымызды консулдық есепке тұруға шақырды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

– Көптеген азамат консулдық есепке тұрмайды. Сондықтан байланыс орнату және Қазақстан азаматтарының тізімін дайындау біршама уақытты алады. Өзге елдердегі қазақстандықтарды консулдық тізімге тұруға шақырамыз. Қазіргі уақытта Израильде, Иранда және Ливанда тұратын Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса, тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтарды қадағалауды және биліктің ұсыныстарын орындауды, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі мен аталған елдердегі Қазақстанның елшіліктерімен байланыста болуын сұраймыз, – деді ол брифингте.

ҚР СІМ-де, еліміздің Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы шетелдік мекемелерінде жедел желілер жұмыс істейді. 

– Бұл туралы ақпарат СІМ-нің және елшіліктердің ресми ресурстары мен әлеуметтік желілерінде жарияланады, – деп нақтылады Айбек Смадияров.