KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар қымбаттады.
Қор нарығында доллар құны қымбаттады
792
оқылды

Қазақстан қор биржасында доллардың теңгеге шаққандағы бағасы қымбаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 2,88 теңгеге қымбаттады.

Сонымен, 1 АҚШ долларының орташа бағасы – 483,23 теңге.

Ұлттық банк бекіткен 2 қазандағы ресми бағам бойынша 1 доллар құны – 480,11 теңге.

Еуроның орташа сараланған бағасы – 532,25 теңге. Ресей рублі – 5,14 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астана қаласында долларды сату құны – 480 теңге, сатып алу бағасы – 485 теңге.

Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде доллар 482,1 теңгеден сатылып жатыр, ал сатып алу құны – 484,1 теңге.