Әнші өмірінде болған жайттан кейін жігіттерге сенбей қалғанын айтты.
«Махаббатқа сенемін. Жігіттерге сенбеймін»: әнші Балжан Бидаш оқырмандарын ойландырып қойды
Фото: instagram.com/ bidash_official
982
оқылды

Әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.      

Ол «Сіз ажырасқалы махаббатқа сенбей қалдым» деген оқырман хатын жауапсыз қалдырмады.

Әнші өмірінде болған жайттан кейін жігіттерге сенбей қалғанын айтты. Дегенмен өткен өміріне өкініші жоқ екенін жеткізді.

«Мен махаббатқа сенемін. Жігіттерге сене бермеймін. Қарым-қатынастан аздап үркіп қалғаным бар. ...Ешкімге өкпем жоқ. Өмірімде болған адамдарға алғыс. Солардың арқасында өмірдің құндылығын түсіндім. Бақыттымын», - деді әнші.

Айта кетейік, Балжан Бидаш актер, шоумен Жахан Отарғалиевпен заңды түрде ажырасқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.