Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры 10 қазанда мерейлі 89-шы маусымының шымылдығын түреді. Бұл маусымға өнер ұжымы халықаралық жүлдемен оралды.
Қуыршақ театры жүлдемен оралды
300
оқылды

23-27 қыркүйек аралығында Грузияның Батуми қаласында өткізілген «Batumi International Puppet Theatre Festival – 2024» II халықаралық қуыршақ театрлар фестиваліне қатысты. Онда алматылық өнер ұжымы Уильям Шекспирдің пьесасы сарынымен сахналанған «Макбет. Иллюзия» қойылымын көрсетіп, «Үздік режиссер» номинациясын қойылым режиссері Дина Жұмабаева иеленді. 

Бұл қуыршақ театрлар фестивалінде Қазақстаннан тыс Италия, Испания, Бразилия, Франция, Польша, Гүржістан мемлекеттерінің танымал театр ұжым­дары бақ сынап, көрермен назарына қойылымдарын ұсынды. 

Ерекше ықыласқа ие болған Алматы Мем­лекеттік қуыршақ театры 2024 жыл­дың 28 қыркүйек-2 қазан күндері аралығында Батуми, Кутаиси, Ахалцихе, Боржоми, Тбилиси қалаларында гас­троль­дік іссапар өткізіп, қазақ қуыршақ өнерін дәріптеп жатыр.  

Айта кетейік, 18-22 қазанда театр ұжы­мы Гродно қаласында өткен IV «Ляль­кі над Нёманом» қуыршақ театр­лары халықаралық фестиваліне «Қаздар мен аққулар» (режиссері – Антон Зай­цев) ертегісімен қатысып, «Арнайы дип­ломға» ие болған еді.