Дәуір Абайұлы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бұл әнді Ұлықпан Жолдасовтың өтініші бойынша Абай Бегейге бергенін айтты.
Абай Бегей өзінің жұлдызын жаққан «Аспанға қараймын» әнінің авторына көмектесуден бас тартқан
Коллаж: aikyn.kz
1,291
оқылды

Әнші Абай Бегейдің жұлдызын "Аспанға қараймын" әнінің авторы – Дәуір Абайұлы. Сазгер қазір такси жүргізушісі болып жүр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Дәуір Абайұлы  "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бұл әнді Ұлықпан Жолдасовтың өтініші бойынша Абай Бегейге бергенін айтты. Қазір күнкөріс қамымен такси жүргізіп жүрген сазгер әншіден көмек сұрағанда қолын қайтарған. Сонымен қатар концертінде әннің авторы ретінде таныстырмағаны үшін ренжігенін жасырмады.

"Ұлықпан ағамыз «Абайдың жасы қырыққа келіп қалды. Бірақ бір хит әні шыққан жоқ. Осы әнді бересің ба?» деді. Басында "бермеймін" дегенмін. Қаламақы қанша алғаным да есімде қалмапты. Абайдың ол кезде жағдайы қазіргідей емес. Он мың, кейін бес мың берді. Сөйтіп, есімде қалмапты, санамадым. Кейінгі жылдары Үкіметтен қаламақы тоқтады. Сонымен, такси жүргізіп, нәпақа тауып жүрміз. ...Абайға ренжіп, көңілім қалған уақыт болды. Өйткені атымды жасырғысы келген кезі болды. ...Концертте осы әнді үш-төрт рет орындады, алайда атымды айтпады, таныстырмады. Әлеуметтік желіде «Аспанға қараймын әнінің авторы енді шығып жатыр, Дәуір алаяқ па, білмедім. Сөзін жазған өскемендік ақын екен" деп айтты. Мен ол өскемендік жігітке хабарласып сұрағанда бұл әнді бір жарым жыл бұрын жазғанын айтты. Ал Абай Бегейдің орындап жүргеніне үш болған еді...", - дейді ол. 

Осылайша шындықтың беті ашылған. Ал Абай Бегей сазгерден кешірім сұрап, алдағы уақытта бірге жұмыс істеуге дайын екенін айтты. 

"Аспанға қараймын" әнін 30 мың теңгеге алдым. Ол кезде 30 мың теңге табу қиын еді. Бір ренжітіп алғаным бар. Үйленгенімде той тізіміне 120 адам жазғанмын, Дәуір қалып кетіпті. Жас бала емеспін, үйлену керек болған соң үйлендім. Ол ұмытылып кеткен. Содан ренжіп, Facebook желісіне жазған, содан кейінгі тойлардың бәріне шақырамын. Алматыға келіп, қиналып жүрген кезін де білемін. Асабалық қызмет етіп, әндер жазып жүр екен», - дейді Абай Бегей.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.