Биыл жыл басынан бергі 9 айда Шымкентте ойын бизнесі бойынша 13 адамға сот айыптау үкімін шығарды.
Құмар ойынмен күрес – басты назарда
коллаж: Елдар ҚАБА
603
оқылды

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары, экономикалық тергеу қызметінің подполковнигі Санат Құлбаев атап өтті. Оның төртеуі бас бостандығынан айыру, 9-ы бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Ойын бизнесіне айналдырғандар көп

Жасыратыны жоқ, соңғы кездері құмар ойынның құрығына түс­кен­дердің саны бірнеше еселеп артып бара­ды. Психологтар лудомания қазіргі қо­ғамның дертіне айналды деп дабыл қа­ғып отыр. Соңғы жылдары елімізде жа­сы­рын казино ашып, құмар ойынды биз­неске айналдырғандар да көптеп кез­деседі. Департамент басшысының орын­ба­сары Санат Жұмабайұлы заңсыз ойын биз­несі – бұл мемлекеттің экономикалық қауіп­сіздігіне қауіп төндіретін, халықтың әл-ауқатын нашарлатып, жастардың бо­ла­шағына балта шабатын, әлеуметтік қақ­­тығыстарға апаратын көлеңкелі эко­но­миканың бір бөлігі екенін атап өтті. 

Осыдан 3 жыл бұрын Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жар­лы­ғымен Қаржылық мониторинг агенттігі бо­лып құрылған мекеме қазір эконо­ми­ка­лық және қаржылық құқықбұзу­шы­лық­тарды ашу, алдын алу, анықтау және тер­геумен айналысып келеді. Заңсыз ойын биз­несімен күресу департаменттің негізгі ба­ғыттарының бірі болып отыр. 

Былтырғы дәл осы уақытта ойын биз­несі бойынша 13 қылмыс анықталса, биыл жыл басынан бері 7 қылмыс белгілі бол­ған. Бүгінде 7 қылмыстың бесеуі сот қа­­рауына жолданып, айыптау үкімдері өз кү­­шіне енген. Ал өткен жылғы 13 істің 10-ы сотқа жолданған болатын. Қыл­мыс­тық істер аясында 18 ойын аппараты, ноу­т­­бук пен компьютерлер, ойын карта­лары, фишкалар тәркіленіп, заттай дәлел­де­ме ретінде танылған. Сот үкімдеріне сәй­кес, компьютерлік техникалар мем­ле­кет есебіне өткізіліп, ойын аппараттары жойыл­ған.

Департамент қызметкерлерінің іздес­тіру шаралары аясында Instagram әлеу­мет­тік желісі арқылы заңсыз лотерея ұйым­дастыру фактісі анықталған. Депар­та­мент басшылығының айтуынша, Шым­кент қаласының тұрғыны «Лотереялар жә­не лотерея қызметі туралы» заңның та­­­­­лаптарын бұза отырып, тиісті ли­цен­зия­сыз, заңсыз пайда табу мақсатында ті­ке­лей эфирде 2 аккаунттан «ЛОТО» ойнатқан. Лотерея ұтысы ретінде Toyota Land Cruiser Prado маркалы автокөлігі, Samsung, IPhone, Redmi смартфондары, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық тех­ни­ка қойылған. Аталған заттар тәркіленіп, зат­тай дәлелдемелер деп танылды.

Сонымен қатар ол лотерея билеттерін сату бойынша белсенді жарнаманы жүзеге асы­рып, сатылған билеттерден түскен қа­ра­­жатты өзінің карт-шотына және туыс­тарының шоттарына жинағаны белгілі бол­ды. 2023 жылғы 10 қыркүйектен 29 қа­рашаға дейін сатылған билеттерден түскен қаражаттың жалпы сомасы 96 млн теңгеден асқан. Бүгінде сот үкімімен аза­мат кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза та­ғайын­далды. Сот үкімі бойынша алынған зат­тай дәлелдемелер мемлекет кірісіне тәр­кіленіп отыр.

Уеб-сайттар мен парақшалар бұғатталады

Экономикалық тергеу қызметінің подполковнигі Санат Құлбаев агент­тік пен Цифрлық даму, инновациялар ми­нистрлігімен бірлесе атқарылған жұ­мыстар нәтижесінде заңсыз уеб-сайт­тар­ды және парақшаларды, яғни заңсыз ойын бизнесі мен қаржылық пирамида са­ла­сын бұғаттау мүмкіндігі берілгендігін айтады. 

«Парақшаларды бұғаттау мүмкіндігі «Ки­бернадзор» жүйесі арқылы жүзеге асы­рылады. Осы жұмыс нәтижесінде жыл ба­сынан бері 600-ден астам заңсыз ойын биз­несі уеб-сайттары және әлеуметтік же­лілердегі парақшалар бұғатталды», – деп атап өтті департамент басшысының орын­басары. 

Брифинг барысында казино, ойын ав­то­маттары залдары, букмекерлік кең­се­лер мен тотализаторлардың тек Алматы об­лысының Қапшағай су қоймасының жа­ғалауында және Ақмола облысының Бу­рабай ауданында жергілікті атқарушы ор­гандар айқындайтын аумақтар шегінде ға­на орналастыруға болатыны айтылды. Со­нымен бірге «Ойын бизнесі туралы» заң­да белгіленген тәртіптер, ерекшеліктер хабарланды.

Айта кетейік, Президент Ұлттық құ­рыл­тайда лудоманиямен күрестің кешенді жос­парын құруды тапсырған болатын. Осы тұрғыда Үкіметтің 2024 жылғы 31 ма­мырдағы қаулысымен заңсыз ойын биз­несі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жө­ніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған ке­шенді жоспары қабылданды. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Респуб­ли­ка­­­­­сында 26 ойын бизнесі субъектілері, оның ішінде 6 казино, 9 ойын автоматтары за­лы, 11 букмекерлік кеңсе жұмыс істейді. 2020 жылы букмекерлік кеңселер, то­тали­за­торлар кассалары Алматы облысы Қап­ша­ғай су қоймасы жағалауында және Ақ­­­мола облысы Бурабай ауданында ор­на­ласқан ойын аймақтарына шығарылды.

Мемлекеттік бақылауды күшейту нә­тижесінде 2021 жылдан бас­тап 36 ойын мекемесі, оның ішінде 28 бук­­­­мекерлік кеңсе, 6 тотализатор және 2 ойын автоматтары залы лицензиядан айы­рылды. Үкіметтің 2 жылға арнап түз­ген кешенді жоспары шеңберінде бірқатар көр­сеткішке қол жеткізу жоспары бар. Олар бойынша:

- құмар ойындарға және бәс тігуге тұ­рақ­ты қатысатын адамдар санын 350 000-нан 201 600 адамға дейін азайту: 2024 жы­лы – 35 000 (10%), 2025 жылы – 63 000 (20%), 2026 жылы – 50 400 (20%);

- құмар ойындарға патологиялық тәуел­діліктен зардап шегетін адамдарды мем­ле­кет есебінен тегін емдеумен және меди­ци­налық-әлеуметтік оңалтумен қамтуды 13-тен 300 адамға дейін ұлғайту: 2024 жы­лы – 50 адам, 2025 жылы – 150 адам, 2026 жы­лы – 300 адам;

- бұғатталған интернет-казинолар мен заң­сыз букмекерлік сайттардың санын 4 500-ден 7 722-ге дейін: 2024 жылы – 450-ге (10%), 2025 жылы – 990-ға (20%), 2026 жы­лы – 1 782-ге (30%) арттыру.

Барлық іс-шаралар мемлекеттік ор­ган­дардың қолданыстағы бюджеттік ли­ми­ті шеңберінде және бюджеттен тыс қа­ра­жат есебінен іске асырылмақ. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы лудоманияны немесе құмар ойындарға тәуел­ділікті ресми түрде патологиялық тәуел­ділік деп таныды. Құмар ойындарға тәуел­ділік біздің республикамызда да та­ралған. Статистикаға сүйенсек, лудо­ма­ния және құмар ойындарға тәуелді адам­дар саны 350 000 жуық болса, олардың көп­шілігі жасөспірімдер екен.

2024 жылғы наурыздан бастап елі­міз­дің азаматтарымен ел аумағында тұратын шет­елдіктер eGov mobile мобильдік қо­сым­шасы арқылы құмар ойындарға қаты­су­дан 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ерік­ті түрде шектеу туралы өтініш бере ала­ды. Бүгінде бұл көрсетілетін қызметті 110 мыңнан астам адам пайдаланды.

«Қазір жоғары мектеп оқушылары ара­­сында да онлайн казино ойнау дерек­те­рі бар. Лудоманияға шалдыққан оқушы­лар­дың емделіп жүру деректерінде бар еке­нін айтып өткен жөн. Сондықтан ба­ла­лары­мызды, оқушы және студент жас­тарымызға аталған қызметті пайдаланып, өз­деріне шектеу қойғаны дұрыс деп са­най­мын», – деп атап өтті Санат Жұма­бай­ұлы. 

Бүгінде осынау зиянды шараның ал­дын алу мақсатында Шымкент қала­сын­дағы 86 мектеп, 7 жоғары оқу орны және 4 колледжі қамтыған жалпы саны 15 000 оқу­шы, 3 000-ға тарта студентке осы ба­ғыт­та түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Сонымен бірге қазір қала аумағында бук­мекерлік кеңселер мен тотали­за­тор­лардың жарнамаларына шектеу қойылған. Атап айтқанда, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды сыртқы жарнамасына, сон­дай-ақ олардың қызметін көлік құрал­дарында, бұқаралық ақпарат құрал­дарын­да, кино, видео-және анықтамалық қыз­мет көрсету орындарында жарнамалауға тыйым салынған. Одан бөлек, лотерея қыз­метін реттеу тетіктері жаңартылған.

Тұрғын үйлерде, жатақханаларда, ғи­бадат үйлерінде, мәдениет ұйымдарының ғи­мараттары мен құрылыстарында, әлеу­меттік объектілерде (білім беру, денсаулық сақтау), сондай-ақ олардан жүз метр қа­шықтықтағы радиуста лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынды.

Департамент басшылығы сонымен бірге заңсыз ойын бизнесімен кү­ре­суде департаментке заңсыз тұрған ойын автоматтары туралы ақпарат жолдайтын бел­сенді азаматтардың да маңызды рөл ат­қаратынын атап өтті. 

«Әрбір азаматты әлеуметтік жауап­кер­шілік танытып, осындай фактілер жайлы ха­барлауға шақырамын. Әрқайсысымыз ба­лаларымызды құмар ойындарға тәуел­діліктің зиянды әсерінен қорғай аламыз. Департаменттің сенім телефонына хабар­ласу арқылы сіздер де бұл ойынға тосқауыл қою­ға үлес қоса аласыздар», – деп атап өт­ті брифинг барысында Санат Құлбаев.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы