Алматыда танымал аспаз әрі блогер Бага Демалыс қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде оның жақындары мен достары хабарлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Кеше біз жақын досымыз Бага Демалыстан айырылып қалдық. Бага қаламыздың әрбір тұрғыны үшін туысындай болды, оның жымиған күлкісі мен мейірімді жүрегі біздің есімізде мәңгі сақталады, – деп жазды режиссер Қанат Бейсекеев Instagram-дағы парақшасында.
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі белгілі блогердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Бұл факт бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасы 105-бап (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Марқұм 28 жаста болған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.