Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталықтандырылған жылытуға кезең-кезеңімен қосу басталады.
Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды
Фото: istockphoto.com
365
оқылды

Алматыда жылу мерзімінен бұрын беріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

– "Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталықтандырылған жылытуға кезең-кезеңімен қосу басталады. Әуелі жылу балабақшалар, мектептер және медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандарға беріледі. Маусымға дайындық деңгейі 99%", – делінген хабарламада.

Алматы әкімінің тапсырмасымен қаланың алты ауданында 20 км жылу желісі жаңартылды. Жүйедегі жүктемені теңестіру үшін 69 сорғы бекеті мен және 24 аккумуляторлық бак дайындалды. Төтенше жағдай кезінде 16 жөндеу бригадасы мен 56 техника жұмылдырылады.

Егер бес күн қатарынан температура +8 градусқа дейін төмендесе, жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Былтыр жылу 10 қазанда беріле бастаған. Жылу кезең-кезеңімен беріліп, алдымен әлеуметтік нысандар, кейін басқа ғимараттар қамтылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.