Денис Шипптің кандидатурасын Қазақстан Президенті ұсынған.
Денис Шипп Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
495
оқылды

Парламент Сенаты Денис Шиппті Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

 

Денис Шипптің кандидатурасын Қазақстан Президенті ұсынған.

Сенат комитеті Жоғарғы соттың жаңа судьясының кандидатурасын қарап, кейін палата отырысына шығарды.

Айта кетері, Денис Шипп ұзақ жылдар сот жүйесінде қызмет еткен. 2015-2021 жылдары Жоғарғы сот судьясы қызметін атқарды. 2021 жылғы 7 маусымнан 2024 жылғы 19 қыркүйекке дейін Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.