Өнер иелері “Астарлы ақиқат” бағдарламасында қонақ болып, жақындарымен бас қосты.
Айқын мен Жұлдыз 9 жыл күткен үйлену тойын жасады
Фото: видеодан алынды
11,237
оқылды

Отандық шоу-бизнестегі танымал жұптың бірі – Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали бағдарлама студиясында үйлену тойын жасады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Өнер иелері “Астарлы ақиқат” бағдарламасында қонақ болып, жақындарымен бас қосты. 

“Негізі бұл тойды тоғыз жыл бұрын жасайын деп ойлап едік. Бірақ Жұлдыздың ұзатуынан кейін хейт басталып кетті. Сол кезде Жұлдызға "Кішкене күте тұрайық, халық үйренсін бұл жаңалыққа, ашуы басылсын" деген едім. Сосын енді той жасайын деп жатқанда кино түсіріп кеттік. Оны аяқтап, енді той істейін дегенде, пандемия басталып кетті. Әне-міне деп жүріп үй салдық, сөйтіп жүргенде 9 жыл өтіп кетіпті ғой. Енді, міне, той жасайық деп шештік. Жұлдызға о баста айтқанмын, "Той жасаймыз, сен ақ көйлек киесің" деп. Кез келген қыз баланың арманы – ақ көйлек киіп, күйеуге тию", – деді студияға үйлену тойын жасауға келген Айқын Төлепберген. 

Сонымен қатар жұлдызды қалыңдық та тоғыз жылдан кейін арманының орындалғанын айтып, қуанышын жасыра алмады. 

“Жастау кезімде тура біздің басымыздағыдай біреудің оқиғасын естіп едім. Сол кезде "Құдай сақтасын, жоқ, менің басымда мұндай оқиға болмайды. Мен ешқашан мұндай қадамға бармаймын. Басымды да, мұрнымды да сұқпаймын" деп айтқаным есімде. Бірақ Алланың өзі мені осылай сынады. Тоғыз жылдан кейін осылай студияда той жасап, ақ көйлек киіп отырғаныма әлі де сене алар емеспін", – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.