Өнер иесі бірінші некесінен туған балаларымен күн сайын хабарласып тұратынын “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтты.
"Төрт баламда төрт пәтер бар": Айқын Төлепберген екі некесінен туған балаларымен қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: instagram.com/zhuldyzomirgali_official
4,855
оқылды

Танымал әнші Айқын Төлепберген екі некесінен туған балаларына қандай жағдай жасағанын айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Өнер иесі бірінші некесінен туған балаларымен күн сайын хабарласып тұратынын “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтты. 

“Мен жақсы күйеу емес шығармын, бірақ жақсы әкемін. Оны балаларыммен қарым-қатынасымнан-ақ байқауға болады. Бүгінде төрт балама төрт пәтер алып қойдым. Өлімнің бары рас, көзім кеткенде балаларымның ешкімге жалтақтап өспегенін қалаймын. Қазір балаларымның қандай киім киіп жүргеніне дейін біліп отырамын. Мектептегі үлгерімі мен қандай үйірмелерге жазылғанынан да хабардармын. Балаларым бірі-бірімен тату-тәтті өмір сүріп жатыр”, – деп ағынан жарылды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі екінші рет шаңырақ көтерген кезде көп адам теріс айналғанын да жасыра алмады. 

"Бәрі мені мінсіз жігіт деп ойлады. Ажырасып жаман адамға айналдым. Бірақ ажырасқан жалғыз мен емес қой. Шоу-бизнесті ақтарып қарасақ, біраз ағаларамыз да бар. Мен Жұлдызға үйленемін деген кезде бәрі шок болды. Достарым, жақындарым, ата-анам, бәрі қарсы болды. Ата-анам шок болды. "Құда-құдағиға не айтамыз?" деп уайымдады. Анам жылады. Мен айттым, "тек Әсел екеуміздің арақатынасымыз өзгереді. Ал балалар мен құда-құдағиларыңыз бұрынғыша қалады" дедім. Бірінші жанұяммен қарым-қатынасты үзбей, екі отбасыны бірге араластыру арқылы менікі дұрыс болғанын дәлелдей алдым. Кезінде қарсы болған адамдардың ойы өзгеріп жатыр", – деді Айқын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.