67 оқырман топ әкімшісінен суицидке бағытталған рөлдік командалар алған.
Суицидке бағытталған контент: Прокуратура ата-аналарға ескерту жасады
282
оқылды

Бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокурорлары күйзеліске түсіретін контенті бар Telegram-арнасын бұғаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тексеру барысында 67 оқырман әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды.

2024 жылғы 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. 

Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды.

Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.