Қашаған – Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Қазақстанның қайраңды мұнай-газ кен орны.
Қашаған кен орны уақытша жабылады
376
оқылды

7 қазаннан бастап Қашаған кен орны жөндеуге жабылады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Министрліктің мәліметінше, Қашағандағы жөндеу жұмыстары қарашаның басына дейін жалғасады.

– Қашаған кен орнында жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталып, 30 күнтізбелік күнге созылады, – делінген министрліктің хабарламасында.

Қашаған – Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Қазақстанның қайраңды мұнай-газ кен орны. Соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.