Жол апаты Алматы-Өскемен тасжолының 962-шақырымында болған.
Алматы-Өскемен тасжолында 80 жастағы жүргізуші жол апатына түсті
1,064
оқылды

3 қазанда таңғы сағат 06:40 шамасында Алматы-Өскемен тасжолының 962-шақырымында, Жаңа Өзен ауылының маңында жол апаты болды. Hyundai автокөлігінің 80 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері зардап шеккендерге жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Жүргізуші мен оның жолаушысы Жарма аудандық ауруханасына жеткізілді.