"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 4 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстанның көп бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауып, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстікте, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында тұман,оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Түнде Жетісу облысының орталығында 2 градус үсік күтіледі.
Қарағанды, Маңғыстау, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.