Еурооблигация Лондон қор биржасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына шықты.
Қазақстан тоғыз жылда алғаш рет еурооблигация нарығына шықты
Фото: istockphoto.com/ru
463
оқылды

Қазақстан АҚШ долларымен номинацияланған еурооблигациялар нарығына шықты. Үкімет 2015 жылдан бері бірінші рет 10 жыл мерзімге 1,5 млрд долларды 4,714% купондық мөлшерлемеcімен биржаға шығарған, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, еурооблигация Лондон қор биржасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасына шықты.

«Қазақстан бұл мәмілеге дейін инвестициялық рейтингісі мықты мемлекеттер үшін ғана көрінетін бір күндік виртуалды роуд-шоу өткізген еді. Бұдан өзге, Moody's агенттігінің Қазақстанның егеменді рейтингін Baa1 деңгейіне дейін өсіргені де осы еурооблигация үшін жақсы негіз болды», – деп хабарлайды Қаржы министрлігі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.