Штаб мүшесі Мақсат Сейдалиев атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және экологиялық тұрақтылықты арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Халықтық штаб: Мақсатымыз – халыққа АЭС-тің маңызын түсіндіру
621
оқылды

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері «Первый Пивзавод» ЖШС қызметкерлерімен атом электр стансаларын салудың геосаяси, экономикалық және әлеуметтік аспектілері талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Штаб мүшесі Мақсат Сейдалиев атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және экологиялық тұрақтылықты арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жиын барысында Қазақстанның көпвекторлы саясатының арқасында халықаралық серіктестермен тиімді қарым-қатынас орнату, атом электр стансасын салу шешімінің ел мүддесіне сәйкес келуі және барлық ықтимал тәуекелді ескеру мәселелері көтерілді.

«Атом электр стансасын салу туралы шешім күрделі геосаяси жағдайларды ескере отырып қабылданады. Бұл еліміздің стратегиялық мүдделерін көрсетеді. Қауіпсіз әрі тиімді энергия көзімен қамтамасыз етеді», – деді Мақсат Сейдалиев.

Кездесу барысында қызметкерлердің бірі «АЭС құрылысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты екінші LRT-ға айналып кетпей ме?» деген сұрақ қойды. Штаб мүшесі Нұрлан Түймелиев бұл алаңдаушылықты түсініп, АЭС жобасының ашықтығы мен қадағалауға мән берілетінін атап өтті.

«Біз келіссөздер мен сатып алу процестерін барынша ашық етуге, сондай-ақ жобаны халықаралық бақылауға алуына ерекше назар аударамыз. Атом энергетикасы әлемдегі ең тәртіпті сала, өйткені қателік құны өте жоғары», – деді ол.

Сонымен қатар өндірістің маманы АЭС салу нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, мемлекетіміздің энергетикалық инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтеріледі деп үміттенетінін айтты. Онымен қоса әрбір азаматты алдағы референдумға қатысып, елдің энергетикалық болашағына өз үлесін қосуға шақырды.

Кездесуде қатысушылар станса жобасының экономикалық және экологиялық тиімділігін талқылады. Ұжым мүшелері атом энергетикасының ел болашағы үшін маңызын түсініп, оны қолдауға дайын екенін білдірді. Халықтық штаб өкілдері осындай кездесулерді алдағы уақытта да жалғастырып, халықтың барлық сұрағына жауап беруге дайын екенін жеткізді.

Айта кету керек, Халықтық штабтың басты мақсаты – азаматтарды АЭС құрылысының маңызы мен оның Қазақстан үшін әкелетін пайдасы туралы жан-жақты ақпараттандыру. Осылайша, алдағы референдумға қатысуға және елдің энергетикалық болашағын анықтауға атсалысуға шақырды.

«AMANAT» партиясының атсалысуымен құрылған АЭС-ті қолдау жөніндегі Ақмола облыстық Халықтық штаб аймақтардағы кездесуін жалғасып жатыр 

Халықтық штаб мүшелері Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс Академиясының ұжымымен кездесіп, 6 қазанда өтетін атом электр станциясын салу бойынша референдумға қатысып, алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақырды.

Жиында сөз алған штаб мүшелері АЭС салудағы ең басты қажеттілік "электр энергиясы тапшылығын шешу" деген пікір білдірді. Себебі 2030 жылға қарай Қазақстанда қуат жетіспеушілігі сағатына 13 миллиард киловаттан асуы мүмкін.

Халықтық штаб мүшесі Бауыржан Ыбыраев АЭС салудың артықшылығын, заманауи атом электр станцияларының қауіпсіздігі, олардың  жұмыс істеу принциптері және атом электр станцияларының қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы ақпаратты бөлісті.

АЭС болашақ үшін қажет

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аймақтық Халықтық штаб мүшелері Абылайхан атындағы жоғарғы колледж оқытушыларымен кездесіп, атом энергетикасының тиімділігін талқылады.

Басқосуда штаб мүшесі Қуат Шарабидинов: Атом энергетикасының әлеуетін бұған дейін де естіген боларсыздар. Бір айға жуық уақыт штаб мүшелері көптеген ұжымда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Халық ендігі атом энергетикасының тиімділігі мен пайдасынан хабардар. Сондықтан жалпыхалықтық референдумда нақты таңдау жасайды деп сенемін,-деді.

Жалпы Абылайхан атындағы Жоғарғы колледж ұжымының дені жас мамандар. Кездесуде олар атом энергетикасы туралы оң пікірлерін білдіріп, батыл шешім қабылдайтынын жеткізді.

Басқосуда штаб мүшесі Сәрсенкүл Бихожа: Ғасырлар тоғысында қаламызды былай қойғанда, елімізде жылу, электр мәселесі ақсап тұр еді. Шаһарымызда да ауық-ауық жылу болмай, жарық та жиі өшетін. Дегенмен, сол кездерді артқа қалдырып, заманауи қондырғылармен, керекті жарақтармен жағдайымызды жүйеге келтірдік. Жалпы, әр сала даму үстінде. Қазір бір сәт ұялы телефонсыз қалсақ алаңдап қалатын жағдайға жеттік. Телефон қаншалықты керек затымызға айналғандай, жылу да, энергия да қоғамға, халыққа әрқашан қажет. Сондықтан, маңызды қадамды бірге жасайық,-деді.

Аудандық халықтық штаб мүшелері Ш.Уәлиханов атындағы  "Алтынемел"  мемориалдық мұражай қызметкерлерімен кездесті

Алдағы онжылдықтарда энергетика саласында жағдай күрделенуі мүмкін. Сондықтан проблеманы болдырмауды бүгіннен бастап қарастыру керек.

«Болашақта еліміз дамыған мемлекеттер қатарында болуы үшін АЭС ауадай қажет. Энергия экономикамыздың локомотиві екені анық. Біздегі электр энергиясын тұтыну көлемі 2035 жылға қарай 152,4 млрд кВт/сағ болатыны болжанып отыр. Алайда қазіргі уақытта еліміздегі жұмыс істеп тұрған электр станциялары тек 135 млрд кВт/сағ электр энергиясын ғана қамтамасыз ете алады»,-деді штаб мүшесі С. Сембекович.                             

Сонымен қатар атом энергетикасы қазіргі таңда «жасыл» энергия көзі ретінде қарастырылатыны, тіпті жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда ең экологиялық таза энергия көзі екені ерекше атап өтілді. Ядролық отынды қайта өңдеу және қауіпсіздікті арттыру мәселелері де әлемдік деңгейде белсенді түрде талқыланып жатыр.

Штаб мүшелері еліміз электр қуатының тапшылығын сырттан келетін ағындармен жауып келе жатқанын жеткізді. Бұлай жалғаса берсе, энергетикалық тәуелділігімізді арттырып, аталған саладағы нарық қауіпсіздігіне қатер төнетінін түсіндірді.

Өз кезегінде мұражай қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізген штаб мүшелеріне ризашылықтарын білдіріп, атом электр станциясының салынуын қолдайтындықтарын білдірді.