Танымал әнші Мақпал Жүнісова белгілі журналист Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, сырын ақтарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында Дина Төлепбергенге берген сұхбатынан үзінді жариялады. Онда әнші тележүргізушінің сұрақтарына жауап беріп отырғанын көруге болады.
"Бойыңызда қайсысы көп, өнер ме, әлде нәзіктік пе" деген сұрағына Жүнісова бойында өнер әлдеқайда басым екенін айтады.
Ол нәзіктік дегенді мүлдем ұмытып кеткенін айтты.
"Өнер. Нәзіктікті ұмытып кеттік қой қазір. Ерке қыз емес, еркек қыз боп кеттік қой", – деп күлді өнер иесі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.