Мемлекет басшысы биыл сот отырыстары алғаш рет онлайн көрсетіле бастағанын, осындай тәсілмен бірнеше сот процесі өткенін еске салды. Заңгер мамандығына деген қызығушылық артты.
«Осындай жоғары стандарт болуы керек»: Тоқаев онлайн соттардың тиімділігі туралы айтты
304
оқылды

Астанада өтіп жатқан Қазақстан судьяларының съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, онлайн соттардың тиімділігі туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мемлекет басшысы биыл сот отырыстары алғаш рет онлайн көрсетіле бастағанын, осындай тәсілмен бірнеше сот процесі өткенін еске салды.

«Мұндай қадам жұрттың сот жүйесіне сенімін нығайта түсті деуге болады. Бұл әрине, бұрын-соңды болмаған. Сондықтан, судьялар мен айыптаушыларға қойылатын талап күшейді. Сотқа қатысатын тараптар ашық сот алаңында өз ойларын еркін жеткізе алады. Барлық сот отырысында осындай жоғары стандарт болуы керек. Сотты онлайн өткізудің тағы бір ұтымды тұсы бар. Азаматтардың құқықтық сана-сезімі өзгеріп келеді. Заңгер мамандығына деген қызығушылық артты. Жастар заң саласындағы мамандарды үлгі тұта бастады. Мұның бәрі – қоғамда кәсіби маман болу құндылығын дәріптеуге мүмкіндік береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пайымынша, жалпы сотты онлайн өткізу жұрттың құқықтық мәдениетін көтеруге оң әсерін етіп отыр. Бұл елімізде заң мен тәртіп қағидатын орнықтыратын тиімді тәсіл.

Еске сала кетейік, биыл экс-министр Қуандық Бишімбаевқа, жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа, сондай-ақ автобус жүргізушісін ұрған Дархан Ахметжановқа қатысты сот онлайн тәртіпте көрсетілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.