Күндіз батыста күн сәулесі ауаны 23-30 градусқа дейін жылытса, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін жылынады.
30 градус ыстық, жаңбыр, тұман: 5-7 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
5,476
оқылды

"Қазгидромет" РМК 5-7 қазанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Скандинавиялық антициклонның ықпалымен еліміздің батысында, 5-6 қазанда республиканың солтүстік және шығыс облыстарында ауа райы құрғақ және ашық болады, күндіз батыста күн сәулесі ауаны 23-30 градусқа дейін жылытса, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін жылынады, дегенмен түнде ауа температурасы нөлден төмен мәндерге дейін төмендейді. 7 қазанға жақын солтүстік пен шығысқа суық атмосфералық фронт пен жаңбырлы бұлттар тарай бастайды, сондықтан жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), желдің күшеюі және күндізгі ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Ал елдің оңтүстігінде және орталығында, атмосфералық фронттардың әсерінен 5-7 қазан аралығында жаңбыр жауады, 06-07 қазанда таулы аймақтарда қатты жаңбыр мен найзағай, жел күшейеді, түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.