Сарапшылардың пікірінше, АЭС бой көтеріп, ел игілігіне берілсе, көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61-ден 40 пайызға дейін төмендейді.
АЭС – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы
720
оқылды

"Qarmet" АҚ металлургия комбинатында АЭС салу бойынша бірнеше ақпараттық кездесу мен талқылау ұйымдастырылды. "Домна цехы" бастауыш партия ұйымында дөңгелек үстел форматында, ал Теміржол көлігі басқармасы және  Технологиялық диспетчеризация цехында еңбек ұжымдарымен кездесу аясында жақсы пікір алмасу болды.

Кездесу барысында 6 қазанда  өтетін атом электр стансасының құрылысы бойынша республикалық референдум туралы ақпарат берілді.

Қазақстан АЭС жобасының ең жоғары стандарттарға сай болуы және ел мүддесіне толық жауап беруі үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. 

АЭС салу туралы шешім барлық ықтимал тәуекелді ескере отырып және ел мүддесіне толық сәйкес қабылданады. 

Бұдан басқа, атом энергетикасын дамыту Қазақстанға энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға және экономикалық өсу үшін тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Бұл – тек экологиялық таза энергетика бағытында ғана емес, сонымен қатар елдің стратегиялық тұрақтылығын арттыру бағытындағы қадам.

 

Халықтық штаб мүшелері «Жанарыс» тігін фабрикасының ұжымымен АЭС құрылысын талқылады

 

Жаңаөзен қаласында Халықтық штаб мүшелері Жаңаөзен қаласындағы «Жанарыс» тігін фабрикасының жұмысшылармен кездесті.

Тігін фабрикасының негізін қалаушы, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы, қоғам белсендісі Жаңбырбай Дәменов ұжымға АЭС мәселесін түсіндірді. Ол Халықтық штаб мүшелеріне референдумға қатысып, өз дауысын беретінін айтты.

«АЭС құрылысы еліміздің ертеңін айқындайтын ауқымды жоба. Атом игеру арқылы біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткіземіз. Сондықтан осы елдің азаматы ретінде саяси науқаннан тыс қалмауымыз керек», – дейді Халықтық штаб өкілдері. 

Өз кезегінде сөз алған ұжым мүшелері референдумға қатысып, өз дауысын беретінін жеткізді.

 

АЭС – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы

Бүгін АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері Өскемен су арнасының қызметкерлерімен және БПҰ мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуде атом электр стансасын салу мен пайдаланудағы қауіпсіздік, жергілікті мамандардың құзыреті, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

«Егер АЭС бой көтеріп, ел игілігіне берілсе, көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61-ден 40 пайызға дейін төмендейді. Осылайша, атом электр стансаларының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуде қабылданған стратегиясын орындаудың негізгі қадамы болмақ», – деді штаб мүшесі Сергей Коротин. 

Жиын соңында жиналғандар энергетикалық проблемаларды шешу және тұрақты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі атом энергетикасының маңызын түсініп, АЭС құрылысына толық қолдау білдірді. Олар атом стансасы құрылысына дауыс беруге ниетті.

 

Алматыда Алмалы ауданының активі атом энергетикасын дамыту және қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Алматы қаласының Алмалы ауданында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары мен қауіпсіздік мәселелеріне арналған қоғамдық белсенділермен кездесу өтті. Талқылауға ядролық физика институтының радиациялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Михаил Мухортов, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Елена Бакарасова және Игорь Проценко, «AMANAT» партиясы орталық аудандық филиалының төрағасы Найля Ордабаева, сондай-ақ «АСУ» ӨК төрағасы Бақтыбай Өтегенов қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы атом электр стансаларының қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың елдің энергетикалық секторының тұрақты дамуындағы рөлін талқылау болды. Радиациялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Михаил Мухортов қазіргі заманғы атом электр стансалары ең жоғары халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін жаңа технологияларды қолданатынын атап өтті. Ол III және III+ буын реакторлары адамдар мен қоршаған ортаға қауіп-қатерді азайтатын көп деңгейлі қорғаныс жүйелерімен жабдықталғанын атап өтті.

«Атом электр стансасындағы заманауи қорғаныс жүйелері тіпті ең ауыр төтенше жағдайларға төтеп бере алады, бұл атом энергетикасын әлемдегі ең қауіпсіз жүйелердің біріне айналдырады», – деді Михаил Мухортов.

«АЭС салу Қазақстан үшін стратегиялық маңызды қадам болып табылады. Атом энергетикасы елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ұзақ мерзімді экономикалық өсудің негізі болады. АЭС Қазақстанға электр энергиясының импортына тәуелді болмауға және энергияның ішкі бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті мәслихат депутаты Елена Бақарасова.

Сонымен қатар штаб мүшелері атом энергетикасын дамыту елге озық технологияларды әкелетінін және энергетика саласында да, сондай-ақ аралас салаларда да жаңа жұмыс орынын ашатынын атап өтті. АЭС ғылыми зерттеулер мен инновацияларды дамыту үшін әлеуетті катализатор бола алады, бұл елдің жалпы технологиялық базасына оң әсер етеді.

Кездесу ашық пікірталаста өтті. Ол жерде қатысушылар қауіпсіздік, ықтимал тәуекелдер және жобаның болашағы туралы белсенді сұрақтар қойды. Барлық қатысып жатқан адам сарапшы мен депутаттар тарапынан өз сауалына толық жауап алды.

Бүгін АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері «Қазақтелеком» АҚ ұжымымен кездесу өткізді

Кездесуде атом электр стансасын салу және одан әрі пайдалану ел экономикасын дамытуға қуатты серпін бола алатыны атап өтілді. 

Егер АЭС бой көтеріп, ел игілігіне берілсе көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61%-дан 40%-ға дейін төмендейді. Осылайша, атом электр стансасының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қолжеткізуде қабылданған Стратегиясын орындаудың негізгі қадамы болмақ.

Бұдан бөлек АЭС ел экономикасының өркендеуіне серпін беріп, көміртегі шығарындыларын азайтады, елдің экологиялық беделін арттырады. Штаб мүшесі Роза Мүсенованың айтуынша, атом электр стансаларын салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ең басты мәселе.

- АЭС құнының 40%-ы қауіпсіздік жүйесіне бағытталады. Сонымен қатар Қазақстан технологиялық жағынан әлдеқайда алға кеткен III және III+ буынды АЭС салуды жоспарлап отыр. Атом энергиясын қауіпсіз, сенімді пайдалану стандарттары мен қағидаттарын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) белгілейді. Осы орайда МАГАТЭ сарапшылары атом электр стансасын салу, оның жұмыс барысын бақылап отырады, – деді ол.

Штаб мүшелері кездесуде АЭС-ның артықшылығын жеткізіп, жұртшылықтың барлық сұрағына дәлелді жауап ұсынды.

Халықтық штаб мүшелері АЭС құрылысы туралы ауданының шағын және орта бизнес өкілдерімен классикалық кездесу өткізді

Бородулиха ауданының Халықтық штабтың мүшелері шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Халықтық штабтың мүшесі Ильяшева Гүлмира АЭС салу жөніндегі республикалық референдум қарсаңында оның маңыздылығын талқылады.

«Сыртқы тәуекелдерді азайту және жобаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тексерілген халықаралық деңнейдегі әріптестермен ынтымақтастықтың егжей-тегжейлі тетіктері, сондай-ақ озық технологияларды енгізу көзделген. Азаматтардың денсаулығын, флора мен фаунаны қорғау мемлекеттің басымдықтарының бірі болып табылады. Сондықтан, АЭС бойынша халық оң шешім қабылдаған жағдайда, Қазақстанда осы салада озық технологияларды пайдалану, атап айтқанда, III және III+жаңа буын атом электр стансасын салу жоспарлануда. Олардың ерекшелігі – белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерін қосу. Олар ішкі және сыртқы шығу қатерлері жағдайында атом электр стансаларының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді спикер.

АЭС салу елді сенімді және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның одан әрі экономикалық өсуіне, халықаралық ұстанымдарын нығайтуға ынталандыратынын да кездесуге қатысушылардың сұрағына жауап бере отырып жеткізді.

Кездесу белсенді талқылау форматында өтті. Атом электр стансасының құрылысына қатысты азаматтардың алаңдаушылығын тудырған сұрақтарға толық түсініктемелер берілді.

 

Бүгін Халықтық штаб Атырау облысының іскер әйелдерімен кездесу өткізді. Кездесуде штаб мүшелері атом энергетикасының әлемдегі ахуалы жайлы атап өтті 

Себебі Еуропа, Ресей мен АҚШ, Қытай елдері атом реакторларын, атом стансаларын салу ісіне білек сыбана кірісіп, келешекте энергия тапшылығының алдын алуға жұмыс істеп жатыр. 

Соның бірі – соңғы жылдары халық пен бизнес қатты сезініп отырған энергия тапшылығы мәселесі. 

«Бүгін біз елдің одан әрі дамуына ықпал ететін барлық маңызды шешім халықпен бірге қабылданып жатқанын көріп отырмыз. Жаңа саяси мәдениеттің мәні осында. Біз барлығымыз бірге жаңартылған Конституция үшін дауыс бердік. Қазір халық қабылдаған шешімнің дұрыс болғанын көріп отырмыз. Бұл жолы да халық өз таңдауын жасап, елімізде АЭС салу-салмау туралы шешім қабылдауы керек», – деді штаб мүшесі Наурызалиев Кариполла «Қазақстан Халқы партиясының» ардагері.