Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Сот реформасы туралы заңды талқылайды
213
оқылды

Депутаттардың талқылауына «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және про­цестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсы­нылады.

Парламент депутаттары бастамашы болған түзетулер Мемлекет басшысының сот жүйесін реформалау жөніндегі бірқатар тапсырма­сын іске асыруға бағытталған. Заң жобасы аясында Қылмыстық-про­цестік, Азаматтық-процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодек­стерге және басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Сонымен қатар Мәжіліс Қазақстан мен Қатар арасындағы қыл­мыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ра­ти­фикациялау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдайды.