Бұл қаралы хабарды журналист Оралхан Дәуіт жариялады.
Анасының артынан кете барды: белгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден озды
8,117
оқылды

Журналист желідегі парақшасында өнер иесінің дүниеден озғанын жазып, ертең жаназасы оқылатынын мәлімдеген, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қайран, Гүлнәр әпке... 

Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз.

Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқастынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз...

Алла Тағалам о дүниеңізді берсін.

Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды", - делінген Оралхан Дәуіттің парақшасында.

Онда әншінің жаназасы ертең Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында өтетіні айтылған.