БҰҰ адамдарды ысырапшылдықтан бас тартып, азық-түлікті қажет көлемде ғана сатып алуға, дайындауға шақырады.
БҰҰ адамдарды азық-түлікті ысырап қылмай, қажет көлемде ғана сатып алуға шақырады
Фото: istockphoto.com
338
оқылды

Бір жылда 1 миллиард тоннадан астам тамақ қалдығы қоқысқа тасталады. БҰҰ әлемді тамақ қалдықтарын өңдеу мәселесіне назар аударуға үндеп келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар БҰҰ адамдарды ысырапшылдықтан бас тартып, азық-түлікті қажет көлемде ғана сатып алуға, дайындауға шақырады. 

Кей елдер кері әсерін азайту үшін тамақты өңдеп, тыңайтқыш әзірлеуге кіріскен. Мәселен, Жапонияның Осаки деген шағын ғана қаласы қалдықтардың 80 пайыздан астамын қайта өңдеуге болатынын дәлелдеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.