Сеулдегі референдумда бірінші қазақстандық болып халықаралық ұйым қызметкері Камила Маутова дауыс берді.
АЭС құрылысына қатысты референдум: Камила Маутова бірінші болып Сеулде дауыс берді
Фото: ҚР СІМ
721
оқылды

Қазақстан азаматтары референдумда өздерінің конституциялық құқықтарын алғашқылардың бірі болып Корея Республикасында жүзеге асырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Сеулдегі референдумда бірінші қазақстандық болып халықаралық ұйым қызметкері Камила Маутова дауыс берді. 

«Бұл шешімнің еліміздің болашағы үшін маңызы зор, ал референдум – қоғамның барлық көзқарастарын ескеру, шешім қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету мүмкіндігі. Үкімет әркімнің пікірін тыңдауға тырысады және біз, азаматтар үшін бұл үдеріске белсенді қатысу өте маңызды», – деді К.Маутова. 

Ол сондай-ақ шетелде тұратын көптеген қазақстандықтар біздің дипломатиялық өкілдіктердің күш-жігерінің арқасында референдумға қатысу мүмкіндігіне ие болғанын айтты.

«Бұл біздің еліміздің болашағы үшін маңызды шешім қабылдаудың ұжымдық мүмкіндігі және бұл референдум экономикалық даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп ойлаймын», – деді дауыс беруші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.