Оразғали Шермағанбетов дауыс беру басталған сәттен ерте келіп, белсенділік танытты.
Референдум-2024: Ақтөбеде бірінші болып дауыс берген сайлаушы естелік сыйлық алды
256
оқылды

Ақтөбе облысында таңғы сағат 7-ден барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Кешкі сағат 20.00-ге дейін 569 845 адамның дауыс беруге құқығы бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Әкімдіктің мәліметінше, облыс орталығында орналасқан №1 орта мектеп №72 референдум учаскесіне Оразғали Шермағанбетов дауыс беру басталған сәттен ерте келіп, азаматтық белсенділігін танытты. Зейнеткер таңғы сағат 07:00-де сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасап, сыйлыққа ие болды. 

«Елімізде өткен саяси науқандарға қатысып келемін. Бүгін де конституциялық құқымды пайдаланып, азаматтық белсенділікті ұстанып, дауыс беруге келдім»,  деді Оразғали Шермағанбетов. 

Облыс аумағындағы барлық 530 учаскеде алдымен Қазақстанның Әнұраны орындалды. Ең бірінші болып келген дауыс берушілерге сыйлықтар үлестірілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.