Атырау облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін барлық референдум учаскелері материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Атырауда референдум күні 94 инватакси қызмет көрсетуде
321
оқылды

Атырау облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін барлық референдум учаскелері материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 

Қазіргі уақытта референдум учаскелерінде Атырау қаласы және аудандарда 94 инватакси қызметі ұйымдастырылып отыр. Әлеуметтік қорғау органдары арқылы 15 сурдоаудармашыны тартуда. 

Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың айтуынша, өңірде 9 аумақтық (63 мүше), 274 учаскелік (1974 мүше) референдум комиссиясында барлығы 2 037 мүше бар.

Облыс бойынша барлығы 274 референдум учаскесі қызмет етеді. Олардың 11-і азаматтардың уақытша болу орындарында құрылған. Атап айтқанда, 9-ы – емдеу мекемесі, 1-еуі – тергеу изоляторы, 1-еуі – әскери бөлімше.

Айта кету керек, облыста республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 411 880 азамат тіркелген.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы