Бүгін еліміз бойынша АЭС салуға қатысты жалпыхалықтық референдум басталды. Жамбыл облысында да сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден ашылып, алғашқы келушілер өз таңдауларын жасауда. Сайлау учаскесіне бірінші келген азаматша Анар Тілепова ел болашағы үшін дауыс бергенін айтты.
– Бүгінгі реферундум бейжай қарайтын дүние емес. Біздің таңдауымыз еліміздің болашағы үшін маңызды. Сондықтан мен ұлт пен ұрпақ болашағы үшін дауыс бердім, – дейді Анар Тілепова.
№28 дауыс беру учаскесінде бірінші болып дауыс берген Анарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлық берілді.
Айта кетейік, Жамбыл облысында таңғы сағат 7.00-ден 508 дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады.
Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы