Жамбыл облысында АЭС салуға қатысты дауыс беру қарқынды өтуде.
508 сайлау учаскесінде де дауыс берушілердің қарасы қалың. Алғашқылардың бірі болып таң сәріден екі кейуана келіп, өздерінің таңдауларын жасады.
- Еліміз үшін маңызды күнде үйде жата алмадым. Таң атысымен тұрып өз таңдауымды жасауды жөн деп шештім. Ұл –қыздан немере сүйіп отырған әжеміз . Осы ұрпақтың келешегін ойлап таң сәріден келіп өз дауысымды бердім ,- дейді Алтыншаш Айтқұлова .
Алтыншаш әжемен бірге Роза Найзабаева да алғашқылардың қатарында дауыс беріп, сыйлыққа ие болды.
- Сайлау сәтті басталды . Бақылаушылар да нақты қадағалап отыр. Дауыс берушілердің белсенділігі байқалады,-дейді 508 сайлау комиссиясының төрайымы Лаура Акишева.
Осылайша жамбылдықтар дауыс беруде ерекше белсенділік танытуда.
Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы