Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазанда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша, өңірде барлық 10 249 учаске дауыс беруге кірісті.
– Бүгін еліміз өте маңызды күн, тарихи күн деп айтсақ та артық болмайтын шығар. Референдум – Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам. Бүгін біз Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің болашағына қатысты мәселелер мемлекеттік органдардың аясында, кабинет ішінде ғана емес, халықтың шешімімен жүзеге асырылып жатыр. Референдум елімізде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара. сындай маңызды іс-шараларда халықтың пікірін естіп, ескерліп мемлекеттік органдар шешімдер қабылдайтын болса, біз барлық жағынан мақсатқа жетеміз. Қазақстанды дамыған демократиялық мемлекет ретінде қалыптастыра аламыз. Сол себепті бүгінгі референдумда қазақстандықтар қатысуы маңызды. Сөйтіп бәріміз Қазақстанды демократиялы, әділетті мемлекет ретінде қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат спикері БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұра референдумның әділ өтетініне сенім білдірді.
– Референдум әділ, толықтай заң аясында өтетініне сенемін. Оған тиісті бүкіл мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр. Қандай да бір заңбұзушылықтар болады деп ойламаймын, – дейді ол.
Еске салсақ, 84 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.
Тізімге 12 млн 244 мың 683 азамат енгізілді. Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 10 623 есептен шығару куәлігін берді.
Республикада 10 323 дауыс беру учаскесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 59 елде 74 учаске орналасқан.
Анар ҚОНЫС
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.