«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек отбасымен референдумда дауыс берді
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы референдумда дауыс берді
505
оқылды
Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 
«Бүгінгі референдум – маңызды мәселе бойынша дауыс беру ғана емес, бұл қоғамның барлық тобы жұдырықтай жұмылатын жаңа саяси мәдениеттің көрінісі. Түпкі шешімді азаматтардың өзі қабылдауға тиіс. Бұл – Президенттің басты ұстанымы. Осы референдум – соның жарқын дәлелі. Біз демократиялық сананың нығайып келе жатқанын көріп отырмыз және әр отандасымыз ел болашағы алдындағы өз жауапкершілігін түсінеді. Дауыс беру – патриотизмнің үлгісі. Сондықтан әрқайсымыз белсенділік танытып, өз дауысымызды беріп, Қазақстанның жарқын болашағына өз үлесімізді қосуымыз керек», – деді ол.
Сондай-ақ, ол бұл плебисцит «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. Дәулет Кәрібек референдумға қатысу – әр адамның құқығы ғана емес, сонымен қатар еліміздегі демократиялық институттардың одан әрі дамуына ықпал ететін маңызды азаматтық міндет екенін жеткізді.Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазанда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша, өңірде барлық 10 249 учаске дауыс беруге кірісті.
84 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды. Тізімге 12 млн 244 мың 683 азамат енгізілді. Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 10 623 есептен шығару куәлігін берді.
Республикада 10 323 дауыс беру учаскесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 59 елде 74 учаске орналасқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.