Бұл туралы белгілі журналист, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсемізова мәлімдеді.
"Бізді кешір, Динара...": АҚШ-та тұратын отбасы асырап алған қазақ қызы көз жұмды
609
оқылды

АҚШ-тың Джорджия штатында тұратын отбасы асырап алған қазақ қызы Динара өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті.

Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?!

Сұрақ көп, жауап жоқ…

Неткен өкініш…

Неткен қасірет…

Динара, кешір мені, кеш бізді…

Рухың пейіште шалқысын.

Жап-жарық едің…

Қош бол, Жарық Күн.

P.S. Динараның қазасын туған анасына қалай айтарымды білмей, құлазып отырмын,  деп жазды ол.

Қостанай өңірінің тумасы марқұм Динараны америкалықтар алты жасында асырап алған. Ол психология мамандығы бойынша білім алған еді.