Референдум күні Атырау қалалық перзентханасында референдум күні сағат 08.00-ге дейін 10 нәресте дүниеге келді.
Референдум күні Атырауда қалалық перзентханада 10 нәресте дүниеге келді
261
оқылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, 6 қазан күні дүние есігін ашқан 10 нәрестенің 9-ы – қыз, біреуі – ұл. Дәрігерлердің айтуынша, аналар мен балалардың жағдайы жақсы. Орталықтағы №80 жабық референдум учаскесінде 85 ана тіркелген. Қазір мұнда медициналық көмек алып жатқан келіншектер дауыс беруде.

– Өмірге сәби әкелуіме байланысты перзентханада бақылаудамыз. №80 сайлау учаскесі арқылы референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Қазір баламның да, өзімнің де жағдайым жақсы, – деді Ағайша Махаева.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы