Қазақстанның халық әртісі, танымал эстрада әншісі Роза Рымбаева Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.
Әрқайсысымыз өз ұстанымымызды білдіруге мүмкіндігіміз бар – Роза Рымбаева
383
оқылды

Роза Рымбаева №17 мектеп-интернатта орналасқан №387 сайлау учаскесіне барды. Өнер иесі іс-шараның маңыздылығын ғана емес, оның әрбір қазақстандық үшін тарихи күн екенін атап өтті. 

«Азаматтарымыздың референдумға қатысуы –  Қазақстанның болашағын түсінудегі маңызды қадам. Бүгінде әрқайсысымыз өз ұстанымымызды білдіруге мүмкіндігіміз бар. Қарқынды өзгерістер жағдайында референдум қорытындысы бізге еліміздің қозғалысын дамыту векторын көрсетеді», –  деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.