Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-1, 13 КО) жекпе-жектен кейін басқа чемпиондарды айқасуға шақырды.
Енді маған тағы екі титул керек: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
instagram.com/janibek_alimkhanuly
636
оқылды

Осылайша, қазақстандық спортшы WBO және IBF титулдарын қорғап қалды, – деп жазады Aikyn.kz.

Бұған дейін бокс шолушысы Бен Дэймон Әлімханұлы WBO титулынан айырылып қалды деп дүрліктіріп қойған болатын. Дегенмен жекпе-жек алдында менеджер Эгис Климас Жәнібектің екі титулы да өзінде деп мәлімдеді. 

"Бұл оңай жекпе-жек болған жоқ. Мен стилімді көрсетіп, жоспар бойынша әрекет еттім. Қарсыласымды жеңдім. Енді маған тағы екі титул керек, олар – Лара мен Адаместе. Мен оларды жекпе-жекке шақырамын. 

Жекпе-жекті тамашалуға келген және теледидардан көрген жанкүйерлердің бәріне алғыс айтамын. Еліміздің атын ары қарай асқақтата береміз!", – деді Жәнібек жекпе-жектен кейін.