Елімізде бүгін АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр.
Астанада 26 мыңнан астам жас алғаш рет дауыс береді
Фото: BaigeNews.kz
238
оқылды

Астана қаласында 26 595 адам бүгінгі АЭС бойынша жалпыхалықтық референдумда алғаш рет дауыс береді,  деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz.-ке сілтеме жасап.

Кәмелет жасқа толып, азаматтық таңдауын жасаған жастардың ішінде туған күн иелері де бар. Оларға референдум коммиссиясының атынан сыйлықтар беріліп жатыр.

«Осылайша, дауыс берушілердің өміріндегі ерекше сәтін естелікке толы еткізіміз келеді»,  дейді ұйымдастырушылар.

 Мен өз дауысымды бердім. Мен бұл тақырыпты өте көлемді жақтан қарастырдым. Тақырып жайлы басқа ақпараттарды да іздедім. Кейін өзімнің шешімімді жасап, дауысымды бердім. Және әрбір қазақстандық азамат осында келіп өз дауысын беру керек деп санаймын, дейді қатысушы Аружан Марат.