Қызылорда облысында саяси науқанға орай 45 инватакси қызметі жұмыс жасауда. Инватаксидің 16-сы Қызылорда қаласында болса, 29-ы аудандарға тиесілі.
Дауыс беретін азаматтар үшін 45 инватакси қызмет етті
407
оқылды

Бұл күні халықтың қажеттілігіне қарай учаскелерде 48 ымдау тілінің маманы қызмет атқарса, 72 учаскеде 105 азаматқа Брайль қарпімен жазылған трафареттер қолжетімді. Бұдан өзге аймақта азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис қызмет жасауда. Барлығында Egov арнайы сервистері қамтылған.

Дауыс беру күні азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске жұмыс істеуде. Жалпы референдумға облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы