Байкерлер су тасқыны кезінде жол талғамайтын квадроциклдер арқылы құм, тұз тасыған.
Ауылды топан судан аман алып қалу үшін аянбай тер төккен байкерлер референдумға қатысты
291
оқылды

БҚО-да байкерлер тобы рефрендумға келіп, дауыс берді. Бұл жастар Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылының тұрғындары, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ауылдың жастары рефрендумға ерекше болып келуді жоспарлапты. Астарына мотоцикл, квадроциклдер тізгіндеген байкерлер тобын ауылдықтар жақсы таниды. Бұл балалар кешегі су тасқынында ауылды судан аман алып қалу үшін аянбай тер төккен. Жол талғамайтын квадроциклдер арқылы құм, тұз тасыған. Қажет жерлерге азық-түлік пен керек заттар жеткізген.

Су тасқыны кезінде бірге қызмет атқара жүріп жастар бас қосатын клуб ашуды көздейді. Осылайша «Бәйтерек» байкерлер клубы құрылған. Бүгін клуб құрамындағы 10 шақты бала рефрендумға қатысып дауыс берді. Клуб жетекшісі алдағы уақытта қатарымызды көбейткіміз келеді деген жоспарын айтты.