Компания заңнама талаптарына сәйкес сайлау комиссиясының қарамағына шалғай өндірістік алаңдардың аумағында референдум өткізуге қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен көлік құралдарын берді.
NCOC компаниясының шалғай өндірістік алаңында жұмыс істейтін азаматтар да референдумға қатысты
649
оқылды

2024 жылғы 6 қазанда NCOC компаниясының шалғай өндірістік алаңдарында Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі ұлттық референдумға вахталық әдіспен жұмыс істейтін қазақстандықтар қатысты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

NCOC компаниясының шалғай өндірістік алаңдарына Атырау облысындағы Батыс Ескенеде орналасқан «Болашақ» қондырғысы, Атырау облысындағы Қашаған кен орнының теңіз кешені және Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан Баутин базасы жатады.

Компания заңнама талаптарына сәйкес сайлау комиссиясының қарамағына шалғай өндірістік алаңдардың аумағында референдум өткізуге қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен көлік құралдарын берді.