Олар электромобильді студенттерімен бірге жасап шығарған.
Оралдық оқытушылар референдумға ҚазИТУ-да жасалған электромобильмен барды (видео)
283
оқылды

Батыс Қазақстан облысының ҚазИТУ ғылыми білім кешенінің департамент басшысы Хамзин Закир Ұлықбекұлы бүгінгі референдумға, ҚазИТУ-да жасалған электромобильмен келіп, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz БҚО өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Алексей Феденев пен Закир Хамзин – ҚазИТУ-дың оқытушылары. Жақында олар студенттерімен бірге қоғамның жасыл энергияға деген көзқарасын өзгерту мақсатында электромобиль жасап шығарған болатын.