Өз кезегінде Ресей Федерациясының ОСК мүшесі Антон Лопатин таңертең сайлаушылардың белсенділігі байқалғанын атап өтті.
Референдум талапқа сай өтіп жатыр – ШЫҰ байқаушылар миссиясының басшысы
230
оқылды

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығы өткен баспасөз конференциясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылары Қазақстанда өтіп жатқан атом электр стансасын салу мәселесі бойынша республикалық референдумға қатысты пікірлерін білдірді Миссиядан 13 бақылаушы – сайлау, заң шығарушы органдардың өкілдері, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дипломатиялық қызметкерлері аккредиттелген.

Миссия басшысы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Олег Копыловтың айтуынша, референдум процесін бақылау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, толық ақпарат берілген, ешқандай шағымдар жоқ.

«Біз халықаралық байқаушыларды шақыруды референдумның ашықтығын, айқындылығын және демократиялығын қамтамасыз етуге деген ұмтылыс деп бағалаймыз. Референдум қарсаңында миссия мүшелері референдумға дайындық барысымен танысу үшін Астана мен Ақмола облысында орналасқан бірқатар учаскелік референдум комиссияларына барды, референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиямен кездесулер өткізді, көршілес ТМД миссияларының әріптестерімен кездесті. Референдум әлі өтіп жатыр, қазірдің өзінде азаматтық қоғам белсенді қатысуда, азаматтар үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған, референдум ашық атмосферада өтіп жатыр деуге болады. Республикалық референдум қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өтеді, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум ашық, еркін және заңды деп санаймыз», – деді спикер.

Өз кезегінде Ресей Федерациясының ОСК мүшесі Антон Лопатин таңертең сайлаушылардың белсенділігі байқалғанын атап өтті, бұл да өтіп жатқан референдумның ашықтығы мен заңдылығын көрсетеді.