Бұл туралы депутат өзінің Facebook-тағы парақшасында жариялады.
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев референдумда дауыс берді
217
оқылды

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев АЭС бойынша жалпыхалықтық референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент Тоқаев бүгін референдумда дауыс беру кезінде "Халық қолдаса, АЭС  құрылысын қай ел жүргізеді?" деген сұраққа жауап берген еді.

- Менің пікірімше, Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Понамарев Президент осы жауабы арқылы халықтың көкейінде жүрген саяси мәселелердің түйінін тарқатты деп есептейді.

– Иә, 6 қазан – атом электр стансасын салу жөніндегі референдум өтетін күн. Пікірталастық кездесулер мен әлеуметтік желілердегі дау-дамайларды артқа тастап, бұл күнге де жеттік. Енді азаматтар орнынан тұрып, дауыс беру арқылы жобаға «қарсы» немесе «қарсы емес» екенін білдіретін уақыт келді. Мен өз таңдауымды жасадым, сіздер де жасай аласыздар, – деп жазды Сергей Понамарев.