Алматы қаласындағы алты перзентхана мекемесінде атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум аясында дауыс беру өтті.
454 босанған және жүкті әйелдер азаматтық белсенділік танытып, рефенрендумнан шет қалмады.
14:00-ге дейін осы перзентханаларда 43 нәресте дүниеге келді, ал бүкіл ел бойынша референдумға Қазақстан азаматтарының 51,77%-ы дауыс берді.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы қаласында барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар 20:00-ге дейін ашық болады.