Сарапшының сөзінше, референдумға дайындық жоғары деңгейде болған.
Референдум ел тарихындағы маңызды шешім болмақ – Қосман Қажкенов
629
оқылды

Бұл туралы Aikyn.kz сайтына Қоғамдық саясат институтының аға cарапшысы Қосман Қажкенов өз пікірін білдірді.

– Референдум бойынша қысқаша айтар болсақ, Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, түс кезінде 50 пайыздан аса адам өз таңдауын жасаған. Байқағаным, референдумға дайындық жақсы болған. Үкімет мүшелерінің, лауазымды түлғалардың барлығы дерлік халықты қолдап, референдумға келді. Қорытындысы енді кеште шығады. Референдумның мақсаты мен мәні сол, халықтың пікірін, көзқарасын білгісі келеді. АЭС бойынша өтіп жатқан референдум қоғамның алдына қажетті таңдау қойып отыр. Меніңше, бұл ел тарихындағы өте дұрыс, маңызды шешім болмақ, – дейді Қоғамдық саясат институтының аға cарапшысы Қосман Қажкенов.