Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-і бюллетень алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ОСК-ға сілтеме жасап.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 64,24 %
- Ақмола облысы бойынша – 68,98%
- Ақтөбе облысы бойынша – 72,31 %
- Алматы облысы бойынша – 67,77 %
- Атырау облысы бойынша – 60,80 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,41 %
- Жамбыл облысы бойынша – 57,76 %
- Жетісу облысы бойынша – 64,24 %
- Қарағанды облысы бойынша – 69,48 %
- Қостанай облысы бойынша – 70,99 %
- Қызылорда облысы бойынша – 79,87 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 51,38 %
- Павлодар облысы бойынша – 62,51%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,72%
- Түркістан облысы бойынша – 74,23 %
- Ұлытау облысы бойынша – 67,77 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,58 %
- Астана қаласы бойынша – 49,35%
- Алматы қаласы бойынша – 22,91 %
- Шымкент қаласы бойынша – 68,89 %. Дауыс берушілердің келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 21.00-де берілетін болады.
Сонымен қатар 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 57,68%-і бюллетень алды.