Дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 12 млн 244 мың 683 азамат енді.
Елімізде АЭС салу бойынша референдумда дауыс беру аяқталды
321
оқылды

Бүгін кешкі сағат 20:00-де елімізде АЭС салу жөніндегі жалпыұлттық референдумда дауыс беру аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Комиссия ұсынған мәлімет бойынша, өңірде барлығы 10 249 референдум учаскесі жұмыс істеген. Дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 12 млн 244 мың 683 азамат енді.

18.00-дегі жағдай бойынша 7 537 675 қазақстандық немесе халықтың 61,56 пайызы дауыс беріп үлгерген. 

Соңғы мәлімет бойынша, шет елдердегі референдум учаскелерінде Қазақстанның 7358 азаматы дауыс берген. 

Дауыс беру туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 21:00-де анықталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.