Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилия қалаларындағы учаскелер өз жұмысын жалғастырып жатыр.
Шетелдегі 9 561 Қазақстан азаматы референдумда дауыс берді
Фото. ҚР СІМ
394
оқылды

Қазіргі уақытқа дейін шетелде референдумның 69 учаскелік комиссиясы өз жұмысын аяқтап, 9 561 Қазақстан азаматы өз дауысын берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилия қалаларындағы учаскелер өз жұмысын жалғастырып жатыр.

«СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген exit-poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуға дауыс берді және азаматтардың 30,2%-ы келіспейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.