Дауыс берушілерге «Сіз Қазақстанда атом электр стансасын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген бір ғана сұрақ қойылды.
Еуразиялық интеграция институты да exit poll нәтижесін жариялады
Zakon.kz
666
оқылды

Еуразиялық интеграция институты республикалық референдумда еліміздің барлық өңірінде дауыс берген азаматтар арасында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Дауыс берушілерге «Сіз Қазақстанда атом электр стансасын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген бір ғана сұрақ қойылды.

Exit poll таңғы сағат 7-ден кешкі 20.00-ге дейін жүргізілді. Сауалнама 250 учаскені қамтыды, оның ішінде 159 – қалаларда, 91 – ауылдық жерлерде орналасқан. Арнайы даярланған респонденттермен face-to-face әдісі арқылы 30 546 азамат сұралды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды.

Exit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 71,8 пайызы «Иә, келісемін» деп жауап берген, қалған 28,2 пайызы «Жоқ, келіспеймін» жауабын таңдаған.