Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Қырмызы Жанбыршина халық қандай шешім қабылдаса да, мемлекет оның еркіне бағынатынын жеткізді.
Халық қандай шешім қабылдаса да, мемлекет оның еркіне бағынады – Қырмызы Жанбыршина
840
оқылды

– Сонымен, бір жыл бойы халық талқысында болған АЭС құрылысы бойынша референдум да өтті. Бұл референдум 2024 жылдың ғана емес, Қазақстан тарихында ерекшеленіп қалатыны даусыз. 6 қазанда 7,8 миллионнан астам қазақстандық ел келешегін айқындайтын іс-шарада дауыс беруге қатысты. Бұл – дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызға жетті. Exit poll нәтижесі бойынша, референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады. Бұл – жақсы көрсеткіш. Әрбір қазақстандық азамат өз Отанының болашағына бейжай қарамай, барынша белсенділік танытқанын айқын аңғартады, – дейді депутат. 

Оның айтуынша, Қазақстан халқы 6 қазанда өткен республикалық референдумда атом электр стансасын саламыз ба, жоқ па деген мәселеде таңдауын жасады. Ендігі мәселе АЭС-ті қай ел салатыны.

– Референдум – тікелей демократияның механизмі. Халық қандай шешім қабылдаса да, мемлекет оның еркіне бағынады.  Ал енді "АЭС-ті қай ел салады?" деген көптің көкейіндегі сұраққа Президент талдау жасап, келіссөздер жүргізу керек екенін атап өтті. Шынымен, Қазақстан бүгінде электр энергиясының тапшылығын сезінуде. Атом электр стансасын салу – біздің мемлекетіміз үшін стратегиялық маңызды шешім. Бұл Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа технологияны дамытуға және жоғары технологиялық жұмыс орындарын ашуға соны серпін беретіні сөзсіз, – дейді  Қырмызы Жанбыршина.